"Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
0

  

Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

Орталық қызметінің мәні жәрдемдесу шараларын көрсету болып табылады.

Орталық қызметінің мақсаты жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру болып табылады.

Орталық мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

•  жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

•  заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

•  өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

•   жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

•   әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

•  жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

•  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

•  жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

•  әлеуметтік келісімшарттар жасасады, оны орындау мониторингін жүргізеді;

•  еңбек делдалдығын көрсетеді;

•  азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мәселері бойынша хабардар етеді және консультациялық қызметтер көрсетеді, үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзеді, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;

•  жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;

•  жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;

•  жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

•  жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді.

Сондай-ақ, қаламызда халықты жұмыспен қамту сұрағы  ««Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету  іс-шаралары аясында шешіледі.

Бағдарламаның мақсаты

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету, халықты нәтижелі жұмыспен қамту,  азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру,  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек ұсыну.

««Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:

Бірінші бағыт: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»

•  Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

•  Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;

Екінші бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

•  Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

•  ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.

Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» 

•  жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

•  еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

•  жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.