"Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
0

  

Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және алимент бойынша борышкер тұлғалардың бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің нәтижесі туралы ақпарат

«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің ғимаратында 2018 жылдың 8 тамызында Балқаш қаласының прокуратурасымен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және алимент бойынша  борышкер тұлғаларымен жұмыс берушілер өз-ара байланыс орнату мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, жәрмеңкенің мақсаты жұмыс берушілермен  алимент бойынша борышкер жұмыссыз азаматтарды  тікелей жұмысқа орналастыру.

 

Жәрмеңкеге аталған санаттағы тұлғалардан 8 адам қатысты.

 

Жәрмеңкеге қатысушылар жұмыс берушілермен әңгімелесу барысында  ұйымдар мен мекемелерден бос жұмыс орындары жөнінде толық ақпарат алды.

 

Жекелеген тұлғаларға келесі бос жұмыс орындары ұсынылды:

 

  1. Абдикаримов Р. «Сацерадзе Г.З.» ЖК, «Веснянка» кафесіне бармен ретінде тұрақты жұмысқа жолдама берілді.
  2. Шагиахметова Л.А. «Мырзабеков» ЖК  ас үй жұмыскері ретінде жолдама берілді.
  3. Камынина В.А. «Шамшина Е.А.» ЖК  қоймашы ретінде жолдама берілді.
  4. Донентаев Б.А. «Қорғау қызметі» ЖШС-не күзетші ретінде жолдама берілді.
  5. Самохвалов И.В. «Қорғау қызметі» ЖШС-не күзетші ретінде жолдама берілді.
  6. Мурзинцев А.И. «Қорғау қызметі» ЖШС-не күзетші ретінде жолдама берілді.
  7. Траиспаев А.Т. «Балхаш СУ» КММ-не слесарь-ремонтник ретінде жолдама берілді.
  8. Омашев Ж.Б. «Қорғау қызметі» ЖШС-не күзетші ретінде жолдама берілді.