"Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
0

  

Қала тұрғындарының назарына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардығы №4 қаулысымен  «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидалары» бекітілген және  Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу ережесі енгізілді.

 
Бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы?


Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді.

БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға,үй жұмыскерлеріне арналған.

 

БЖТ таралмайды:

  • жылжымайтын мүліктің коммерциялық нысан алаңында қызмет көрсететін жеке тұлғалар, оның ішінде сауда нысандары;
  • мүлікті (мүліктік жалдау) жалға беруші тұлғалар, тұрғын үйді есептемегенде;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
  • шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, оралмандарды қоспағанда;
  • жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуде тұрған тұлғалар;

 

Жалпы, бейресми қамтылғандар үшін БЖТ енгізу мүмкіндіктері:

  • медициналық мекемені таңдау құқығымен құны және түрі шектелмеген медициналық қызметке қол жеткізу;
  • жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және жүйеге қатысудың тәжірибесіне байланысты негізгі зейнеттік төлем алу;
  • еңбекке жарамдылығын жоғалту, отбасының асыраушысынан айрылу, жүктілік және босану, бала асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.

 

БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер жасалған:

 
Бірінші:міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналық ұйымдытаңдау құқы болады.

Екінші:Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап,  базалық және жинақталған компоненттер есебінен үлкен көлемде зейнетақы алатын болады. Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалықз ейнетақы көлемі еңбек өтіліне қарай есептеледі.

Үшінші:Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік және бала туғанда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейін бала күтімінде  отырғандарға Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік туады.

 
Тағы бір артықшылығы, өзінің кіріс көзін көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады. Яғни енді сіз жүйелі жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.

БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады. Бұл орайда бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.

БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындары үшін- 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.


БТЖ үлесі мынандай:

-10% - жеке табыс салығы;

-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;