"Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
0

  

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы

2019 жылдың 21 маусымда Хамзин атындағы Мәдениет сарайының аумағында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, « Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 

 

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және түлектер қатарынан жұмыс іздеушілерге, жас мамандарға лайықты жұмыс табуға көмектесу, ал жұмыс берушіге жаңа кадрларды таңдауға көмектесу.

 

Жәрмеңкеге 15 жұмыс беруші қатысып, олар білім беру, коммуналдық қызмет көрсету, құрылыс, өндіріс, жылу энергетика, және т.б. салаларға қатысты  574-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

 

Жұмыс іздеушілер үшін жұмысқа орналасу, микрокредит беру, тегін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру сұрақтары бойынша жеке  кеңестер жүргізілді, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары түсіндірілді.

 

Қатысушылар назарларына ақпараттық және тарату материалдары (буклеттер, жадынамалар, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар) ұсынылды.

 

Аталған іс – шараға 100 ден астам жұмыссыз азаматтар қатысты. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар кеңес алды,  18 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды,  қоғамдық жұмысқа 11 адамға жолдама берілді, жастар тәжірибесіне – 2 адам жіберілді,неисе алуға 1 адам ниет білдірді және 25 адам тегін қысқа мерзімді курстардан өтуге ниет білдірді. 

 

Сонымен қатар, жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілерге арналған «Еңбек шартын жасаңыз» акциясы аясында еңбек шартын жасаудың артықшылықтары туралы және  бірыңғай электрондық еңбек биржасы енгізу бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

 

Бұдан басқа, жәрмеңке қатысушылары жаңа форматтағы  әлеуметтік көмек жайлы ақпарат алды.