Төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылған азаматтардың назарына! - "Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
"Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
0

  

Төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылған азаматтардың назарына!

Төтенше жағдай кезеңінде  кірістерінен айырылған азаматтардың назарына!

Жалақы сақталмайтын демалысқа шыққан шағын және орта бизнес   қызметкерлеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленеді.

Егер жұмыс беруші  төтенше жағдай  жарияланғанға дейін  12 ай ішінде  қорға  аударым жүргізсе  төлем төленетін болады.

42500 теңге мөлшерінде  әлеуметтік төлемді  алу үшін  Сіздерге құжат жинаудың  және  аталған төлем үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.

ЕГЕР ЖҰМЫС БЕРУШІ (ЖШС, ЖК) ӨТІНІШ БЕРГЕН ЖАҒДАЙДА:

 ?Төтенше жағдай  кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты  кіріснен айырылған жұмыскерлердің тізімін қалыптастырады

?Төтенше жағдай  кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты  кіріснен айырылған жұмыскерлердің тізімін ұсына отырып, «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға  өтініш береді.

ЕГЕР ЖҰМЫСКЕР ӨТІНІШ БЕРГЕН ЖАҒДАЙДА:

-жеке кәсіпкер (жұмыскерлері жоқ ЖК);

-жеке практикамен айналысатын адам (нотариус, жеке сот орындаушылары, адвокат, кәсіби медиаторлар);

-біріңғай жиынтық төлем төлеушілер;

-АҚС  шартар бойынша  кіріс алатын  жеке тұлғалар:

Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты  кіріснен айырылған жұмыскерлердің тізімін ұсына отырып, «Электрондық үкімет» веб-порталындағы (e-gov) «Электрондық өтініш» сервисі арқылы  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға  өтініш беріледі (тізімде өтініш берушінің деректері ғана көрсетіледі).

Бекітілген өтініш үлгісі, жұмыскерлердің тізімі және мемлекеттік қызметті алу үшін «Электрондық өтініш» берудің қадамдық бейнероликтері  профиль тақырыбында көрсетілген (сілтеме арқылы өтесіздер).

Жалған ақпарат және сенімсіз (жасанды) құжаттар үшін өтініш беруші жауапкершілікте болады.