Балқаш қаласының жұмыссыз және аз қамтылған әйелдер назарына! - "Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
"Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
0

  

Балқаш қаласының жұмыссыз және аз қамтылған әйелдер назарына!

Балқаш қаласының жұмыссыз және аз қамтылған әйелдер назарына!

 

«Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» компаниясы  Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатында тоғыз жыл бойы «Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының аз қамтылған және жұмыссыз әйелдерін бизнес негіздеріне оқыту және «Жасыл» экономика арқылы қолдау» және бизнес жүргізу технологияларына оқыту арқылы қолдау» әлеуметтік жобасын іске асыруда.

Жоба шеңберінде Балқаш қаласының әйелдері үшін online-оқыту тренингтерін өткізу жоспарлануда, оның барысында қалада және ауылда шағын бизнес ашу үшін бизнес-кейстер ұсынылатын болады.

«Coca-Cola Белестері» үздік бизнес идеяға республикалық конкурс жеңімпаздарының үздік бизнес-жобалары гранттық қолдауға ие болады (жоба туралы толығырақ www.ccb.kz сайтында).

Online-семинар-тренингті 2021 жылдың маусым айында онлайн-режимде өткізу жоспарлануда. Қатысуға ниет білдірушілер Уәлиханов көшесі 5 үй мекен-жайына жүгінулеріңізді сұраймыз (өзімен бірге жеке куәлігі болу тиіс). Анықтама үшін телефон нөмірі: 6-50-70.

Өтініштер ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.