Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек туралы - "Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
"Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ
0

  

Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың II (екінші) тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алушыларға төлемдерді III (үшінші) тоқсанда ұзартуды көздейтін бұйрық әзірледі және қабылдады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектік мерзімін 3 айға автоматты түрде ұзарту көзделген.

Жоғарыда көрсетілген шаралар азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға бағытталған.

Бірінші кезекте АӘК отбасы құрамы, тұрғылықты мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректер нақтыланатын болады, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркелу), жылжымайтын мүліктің, көліктің болуы, кірістер және басқалары. Егер де отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, өтініштер қолда бар деректер негізінде қалыптастырлады. Барлық ақпарат, сондай-ақ хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі.

II тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК-ті алғаш рет тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында тексереді және нәтижесі туралы электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайтын болады.

Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттар азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұратылады.

2020 жылғы II тоқсандағы жиынтық кірісті есептеу кезінде тәуесліз жеке жұмыскерлердің төтенше жағдай режимімен қойылған шектеулеріне байланысты табысынан айрылған жағдайда бірыңғай жиынтық төлемді және әлеуметтік төлемді төлеуге байланысты айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріндегі кірісі ескерілмейді.

Бұдан басқа, азық-түлік және тұрмыстық жинақтарды сатып алуға және ТЖ кезеңінде коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығындарды өтеуге бөлінген ақшалай қаражаттың мөлшері есепке алынбайды.

Мүгедектік, жалпы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, сондай-ақ жеке оңалту бағдарламасы, бұдан бұрынғы сияқты автоматты түрде ұзартылады. Бұл шара қайта куәландыру мерзімі шектеу шаралары кезеңіне келген азаматтарға қатысты болады.

Мүгедектікті алғаш рет белгілеген жағдайда egov.kz порталында «Электрондық өтініштер» бөлімінде құжаттардың сканерленген көшірмелерімен қоса өтінім беру қажет.

16 және 18 жасқа толған мүгедек балаларға қатысты сырттай қайта куәландыру қарастырылған. Оларға мүгедектік қолда бар құжаттар негізінде және алдыңғы сауалнамаға сәйкес мүгедектік дәрежесін ескере отырып белгіленеді.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің сараптамалық қорытындысына шағым түскен жағдайда сараптама МӘС актісі мен ұсынылған құжаттар негізінде сырттай жүргізіледі.

Айта кетейік, I тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға сол кездегі төтенше жағдай режимінің қолданылуына байланысты төлемдер тағайындау мерзімі II тоқсанға ұзартылған болатын. II тоқсанда 561 мың қазақстандық АӘК-ті мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей, автоматты түрде алды.

Сол уақытта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу сырттай электрондық өтініш негізінде реттелді. Карантин енгізілген сәттен бастап 5 мыңға жуық сырттай куәландыру жүргізілді.

Осы мәселелер бойынша консультацияларды call-орталықтан 1411 нөмірі бойынша алуға болады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 346 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін.

 

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша ҚР Еңбекмині әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде (бұдан әрі – АӘК) көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Таяуда ҚР Еңбекмині тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізуді жоспарлап отыр.

 

Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 388 теңге төленеді.

 

Орта есеппен алғанда, жәрдемақы мөлшері әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды, бұл 2018 жылдан бастап тағайындалмайтын осыған ұқсас жәрдемақыдан 4-7 есеге көп.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 7 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отырған АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырған болатын.

 

«Ең басты принцип ¬– мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.

 

Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді.

 

АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады

 

Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.



Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтармен, олардың жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысқан жағдайында, әлеуметтік келісімшарт жасасу және шарттылық қағидаттарына негізделген, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілді.

 

Ал, еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілетін болады.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК), жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен  аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) беріледі.

 

2019 жылғы 1 тоқсанға кедейлік шегі 14849 теңге мөлшерінде айқындалды (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%).

 

Отбасына  АӘК  мөлшері  жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбір мүшесіне есептелініп, кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді.

 

Есептеу мысалы:

  • Отбасы құрамы – 7 адам, оның ішінде еңбекке қабілетті - 2 адам (әкесі – жұмыс істейді, анасы – 7 жасқа дейінгі бала күтімімен), 5 бала- 18 жасқа толмаған;
  • 2018 жылдың 4 тоқсанындағы отбасының орташа айлық табысы- 70005 теңге (арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 10005тг., әкесінің еңбекақысы -60000тг)
  • 1 адамға табыстың орташа мөлшері - 10000теңге (70005/7)
  • 2019 жылдың 1 тоқсанына кедейшілік шегі – 14849 теңге;

1 айға АӘК мөлшері:

1 алушыға 4849 теңге (14849-10000)

Отбасыға 33943 теңге (4849*6)

 

АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып бөлінеді.

 

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды отбасы мүшелері болмауы немесе олар нақты себептермен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі, күнкөрісі төмен отбасыларға  (зейнеткерлер, 1,2 топтағы мүгедектер және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар, жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1 немесе 2 топтағы мүгедекке,  үнемі бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдар) көрсетіледі.

       

 Осы санаттағы адамдарға, шартсыз ақшалай көмек түріндегі АӘК,  өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

 

Шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар, олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан (оқу, әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, жұмысқа орналасу) және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, табысы аз отбасыларға әлеуметтік   келісімшарт жасасу арқылы көрсетіледі

 

ШАК  әлеуметтік келісімшарттың қолдану мерзіміне (алты айға дейін) тағайындалады, әлеуметтік келісімшартта бекітілген кезеңге ай сайын немесе біржолғы төлем ретінде төленеді.

 

Біржолғы ШАК үш айда бір рет төленеді және әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға ғана қолданылады.

 

АӘК алуға үміткер адам немесе отбасы, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент әкіміне өтінішпен жүгініп, төмендегі құжаттарды ұсынады:

 

1) жеке басын куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;

 

2)отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін  растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

 

3) табыс туралы анықтама; 

 

4) жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы мәліметтер;

 

5) банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;

 

6) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;

 

7) некенің қиылуын (бұзылуын) тіркеу туралы куәлік;

 

-қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда – қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

 

-он сегізден жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағы адамдар орта, техникалық және кәсіби, ортаңғыдан кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғарғы оқу мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын болса, оқу орнынан анықтама;

 

-мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектік белгілеу туралы анықтама;

 

-жеке кәсіпкер статусын растайтын құжат.

 

Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері мынадай құжаттарды қоса береді:

 

-еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

 

-білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болса);

 

Құжаттар өтініш берушімен салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады.

 

 

Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

 

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ алуға болады: Уалиханов көшесі,  5, №3,7,13 кабинет, телефон 8(71036)44061,75956  демалыс (сенбі, жексенбі) күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

 

 


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға (отбасыға) шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде, жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) беру енгізілді.

 

 

 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегі, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы жағдайға есептеу арқылы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% мөлшерінде айқындалған (2018ж. шейін – 40%).

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мемлекеттік статистика органдарымен есептелінеді және 2017 жылғы 4 тоқсанда Қарағанды облысы бойынша  22941 теңгені құрады. Осыған байланысты, 2018 жылдың 1 тоқсанына      кедейлік шегі 11471 теңге мөлшерінде анықталды, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейі 22941 теңге сомасының 50% құрады. 

 

Отбасына  АӘК  мөлшері  жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбір мүшесіне есептелініп, облыста белгіленген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді.

 

Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды отбасы мүшелері болмауы немесе олар нақты себептермен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі, күнкөрісі төмен отбасыларға  (зейнеткерлер, 1,2 топтағы мүгедектер және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар, жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, 1 немесе 2 топтағы мүгедекке,   үнемі бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдар) көрсетіледі.

Осы санаттағы адамдарға, шартсыз ақшалай көмек түріндегі АӘК,  өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар, олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан (оқу, әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, жұмысқа орналасу) және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, табысы аз отбасыларға әлеуметтік   келісімшарт жасасу арқылы көрсетіледі

ШАК  әлеуметтік келісімшарттың қолдану мерзіміне (алты айға дейін) тағайындалады, әлеуметтік келісімшартта бекітілген кезеңге ай сайын немесе біржолғы төлем ретінде төленеді.

Біржолғы ШАК үш айда бір рет төленеді және әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға ғана қолданылады.

 

АӘК алуға үміткер адам немесе отбасы, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент әкіміне өтінішпен жүгініп, төмендегі құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжат;

      2) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

      3) табыс туралы мәліметтер;

      4) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

      5) банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;

      6) баланың (барлық балаларға) туу  туралы куәлігі;

      7) неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік;

      -оқу орнының анықтамасы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағылар орта, техникалық және кәсіптік ортадан кейінгі білім беру, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болып табылса;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке қосымша:

      -еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);

      -білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса) ұсынады.

Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынады.

 

Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

 

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі туралы толық ақпаратты «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту  орталығы» КММ алуға болады: Уалиханов көшесі,  5, №3,7,12 кабинет, телефон 8(71036)44061,42400 демалыс (сенбі, жексенбі ) күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

 


 

 

 

Балқаш қаласының әкімі, жұмыскерлердің қалалық бірлестіктері және жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерінің қалалық бірлестіктері арасындағы 2018−2020 жылдарға арналған қалалық Келісімге қол қойылды

 

Балқаш қаласының әкімі, жұмыскерлердің қалалық бірлестіктері және жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерінің қалалық бірлестіктері арасындағы                       2018−2020 жылдарға арналған қалалық Келісімге қол қойылды.

Іс-шараға атқару билігі органдарының, қаланың  жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің қалалық бірлестіктерінің, сондай-ақ  кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жаңа Келісім  экономиканы технологиялық  жаңғырту,  халықты формальды және нәтижелі жұмыспен қамтуға  жәрдемдесу,  адами капиталдың сапасын жақсарту,  еңбек жағдайларын және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз сұрақтарын қамтиды.

Келісім жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек өнімділігін арттыру бойынша  біргелікте жауапкершіліктерін күшейтуге, жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға және сауықтыруға,  мәдени - әлеуметтік бағытталған әріптестік қатынасты құруға, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге, ертеңгі күнге деген сенімділікті кепіл ететін еңбек келісімшарты негізінде еңбекақы төлеуге бағытталған.

Бизнес-қауымдастықтары мен кәсіподақ ұйымдарының алдына  «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында кәсіби стандарттарды қалыптастыру, жұмыскерлердің өзіндік дамуға  ынталандыру бойынша міндеттер қойылды.

Әлеуметтік әріптестер жаңа Келісім әлеуметтік - еңбек  қатынастары саласындағы нақты міндеттерді шешудің негізгі және тиімді  құралдың бірі екеніне  сенімділік білдірді.